Жаһандық қатерлерге қарсы тұру өңірлік хаб

Киберқылмыскерлерді тергеу құқық қорғау органдары мен прокуратура қызметкерлерінен жаңа компьютерлік технологиялар саласында іс-әрекеттерді тиісті түрде саралау, дәлелдемелер базасын бекіту және адамдарды жауапқа тарту үшін арнайы білімді талап етеді.

Осы санаттағы қылмыстар азаматтар мен заңды тұлғаларға ғана емес, мемлекет үшін де қауіпті.

Аталған мәселенің өзектілігіне байланысты, ағымдағы жылдың 30 наурызында Жаһандық қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл бойынша арнайы дайындық кафедрасы «Киберқылмыстар туралы қылмыстық істерді тергеудің ерекшеліктері» атты тақырыбында онлайн семинар өткізді.

Семинар жұмысына аумақтық прокуратура органдары мен қаржы мониторингі Агенттігінің 73 қызметкері қатысты.

Семинардың дәріскерлері Академияның тәжірибелі оқытушылары мен осы санаттағы қылмыстық істерді тікелей тергеген сарапшылар болды.