Жаһандық қатерлерге қарсы тұру өңірлік хаб

Ағымдағы жылдың 22-26 ақпан аралығында Құқық қорғау органдары академиясы Жаһандық қатерлерге қарсы іс-қимыл бойынша арнайы даярлау кафедрасымен «Басқа елдерден электрондық дәлелдемелерді сұрату тәртібі» атты қашықтықтан біліктілікті арттыру курсын өткізді.

Интернеттің әлеуметтік желілердің және хабар алмасу қосымшаларын қолданудың арқасында электронды дәлелдер бүкіл әлемдегі кез-келген юрисдикцияға орналастырылуы мүмкін.

Бұл дегеніміз, тергеушілер мен прокурорлар сотта қолдану үшін электронды дәлелдердің сақталуын қамтамасыз ету және сұрау туралы мәселені ертерек қарастыруы керек.

Курсқа қатысушылар шет елдерде электрондық дәлелдемелердің сақталуын қамтамасыз ету бойынша алғашқы қадамдардан бастап өзара құқықтық көмек туралы сұрау салуды дайындауға дейінгі жолдан өтті, сондай-ақ олар ақпаратты ашуға тікелей немесе шұғыл сұрау салу сияқты неғұрлым жылдам процестерді пайдалану мүмкіндіктерін игерді.

Курс прокуратура органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері үшін өткізілді, ал курс дәріскерлері құқық қорғау органдары Академиясының тәжірибелі оқытушылары болды.

Сонымен қатар, оқу процесінің жоғары деңгейі мен сапасын қамтамасыз ету үшін курсқа Түркия Республикасынан сарапшы Мехмет Бедии Кая – Ыстамбұл Билги Университетінің Ақпараттық технологиялар және құқық институты кафедрасының доценті тартылды.

Киберқылмыскерлерді тергеу құқық қорғау органдары мен прокуратура қызметкерлерінен жаңа компьютерлік технологиялар саласында іс-әрекеттерді тиісті түрде саралау, дәлелдемелер базасын бекіту және адамдарды жауапқа тарту үшін арнайы білімді талап етеді.

Осы санаттағы қылмыстар азаматтар мен заңды тұлғаларға ғана емес, мемлекет үшін де қауіпті.

Аталған мәселенің өзектілігіне байланысты, ағымдағы жылдың 30 наурызында Жаһандық қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл бойынша арнайы дайындық кафедрасы «Киберқылмыстар туралы қылмыстық істерді тергеудің ерекшеліктері» атты тақырыбында онлайн семинар өткізді.

Семинар жұмысына аумақтық прокуратура органдары мен қаржы мониторингі Агенттігінің 73 қызметкері қатысты.

Семинардың дәріскерлері Академияның тәжірибелі оқытушылары мен осы санаттағы қылмыстық істерді тікелей тергеген сарапшылар болды.